EN  RU  KZ
Мұртымызды балта шаппайды

03.05.2013 10:53

Мақаланың мәтіні орыс тілінен аударылған (Планов куры не клюют)

Бизнес & Власть (Алматы), № 15 (447), 03.05.2013

Қаржы дағдарысы біздің еліміздің көп кәсіпорындарына кері әсерін тигізді. Олардың біршамасы қиыншылықтарды көтере алмай, қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. Ал қалған кәсіпорындар оптимизация жолын таңдап, қосымша қаржыландыру көздерін іздей бастады.

Сол кезде елімізде қабырғасы жаңа  қаланған  тікелей инвестициялар қорлары өзінің қызметін ұсына бастады. Алғашқыда көп бизнесмендер «private equity» секілді құралға  сенім білдірмей, өзінің бизнесіне үшінші тарапты кіргізу арқылы іспен  бөлісуге дайын емес еді. Алайда, уақыт өте келе бәрі өз орнына түсіп, бұл құрал - өзінің тиімділігін дәлелдей алды. Соңғы кезде, тікелей инвестициялар қорлары құйған инвестицияларының нәтижелері туралы жиі-жиі еститін болдық. Сондықтан, «&» private equity-дің қатысуымен кезекті қазақстандық бизнес кейсін қарауды шешті.

Әңгіменің әлқисасын «Алтын Ай» құс фабрикасынан бастасақ. 2000 жылы құрылып, аймақты сапалы өніммен қамтамассыз етіп, көп жыл бойы орнықты нәтиже көрсеткен. Алайда, 2010 жылы жалпыэкономиканың құлдырауына байланысты құс фабрикасы бірқатар қиыншылықтарға тап болды. Соның ішінде, шамадан тыс борышқорлық жүктеме мен басты жеткізушілерді мәжбүрлі ауыстыру болды. Орнатылған жағдайға байланысты, құс фабрикасы қазақстанның коммерциялық банктардың бірінен  күйзеліс актив ретінде Falah Growth Fund тікелей инвестициялар қорына тапсырылды. Сөйтіп, бұл мәміле коммерциялық банктар мен тікелей инвестициялар қорының күйзеліс активпен жұмыс істеуде ынтымақтастығының үлгі боларлық жағдайы болды.

Қор кәсіпорынды қайта құрылымдау мен жаңарту бағдарламасын дамытты. Бұл бағдарлама бизнестің құны мен пайдалылығын және қаржы орнықтылығын арртыруға арналған. Сөйтіп, 2012 жылы жобаны жүзеге асыру үшін «Алсад Қазақстан» жобалы компаниясы құрылып, жоғарғы санатты мал дәрігер мамандары шақырылды.  Активтерді жөндеу жұмыстары жүрді, сонымен қатар, бір күндік балапандар мен инкубаторлық жұмыртқаларды жеткізуші сертификатталған шетел компанияларымен келісімшарттар жасалынды. Қазіргі уақытта құс фабрикасы жаңа атаумен ALSAD сауда таңбасымен өнімдерді шығаруды қайта жаңартты.

Falah Growth Fund-тың бас инвестициялық директоры Дэвид Хербаданың айтуы бойынша, қор үшін ең үлкен қиындық мәміленің құрылымы болды. Бірақ, банкпен бірлескен жұмыстың арқасында мәселе шешілді, қор өзінің басты стретегиялық мақсатын орындап, кәсіпорынды қайта жандандырды. Құс фабрикасын қайта жандандыру аймақтың әлеуметтік дамуына жақсы әсер етті. Өндірісті қайта жандандыру барысында 98 жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта тағы қосымша 200 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Құс фабрикасының жоғарғы мөлшерлі қуаты – жылына 210 миллион жұмыртқаны құрайды, осы жылдың аяғына дейін өндірісті номиналдық өндіріс деңгейіне шығару мақсатталып отыр. Ол жылына 185 миллион жұмыртқаны құрайды. Жақын арада құс фабрикасының өнімдері Алматы мен Алматы облысының нарығында ұсынылатын болады. Құс фабрикасының қалаға жақындығы жұмыртқының бағасын тұрақтандырып, басқа аймақтар мен елдерден алып келінетін жұмыртқаның импортын азайтады деп үміттенеміз», - деді Дэвид Хербада «&»-ге сұхбат барысында.

Дәл осы кезде  қазақстан нарығында салмақты бәсекелестік пайда болды. Яғни, Кеден Одағына байланысты, сатылымға Ресей мен Белорусиядан келетін жұмыртқаларды шығарыла бастады. Дегенмен,  «Алсад Қазақстан»-ның өкілдері олардың «күнбе күн» стратегиялары оларға  басымдылық беретініне сенімді, өйткені  олар халыққа тек қана жаңа шыққан өнімді жеткізеді.  

«Өндірістік айналым бір күндік балапандардың келуінен басталады, сосын біз оларды арнайы корпустарда өсіреміз. 16 жұмада балапандарды тауықтарға арналған корпустарға көшіреміз, ал 18 жұмадан бастап 74 жұмаға дейін тауықтар жұмыртқа таба бастайды. Әр 4 жұма сайын біз жаңа балапандарды қарсы алып, әр жұма сайын жаңа корпусты үлкен тауықтармен толтырамыз. Қазір бізде өндіріс коэффиценті 90 пайыздан астам, біз бірде бір антибиотик қолданбаймыз. Айына бір рет  қана витаминдер берумен шектелеміз. Бұл фермада қолданатын жақсы санитарлық шаралардың нәтижесі. Әсерлеп айтқанда, біз пайдалы және сапалы жұмыртқа шығару үшін барлық шараларды қолданамыз», - деп «Алсад Қазақстан» ЖШС-ның өндіріс директоры Хэнк де Иагер «&»-ге сұхбат беру барысында айтып өтті.

Фабрика өзінің ассортиментін кеңейтуді көздеп отыр. Компаняның жетекшілері коммерциялық құпияны сақтаймыз деп жоспарларын аяғана дейін ашпады, бірақ тұтынушыларды әлі де таңғалдырар дүниелер бар екенін білдірді. Сонымен қатар, фабрика алдағы уақытта жасыл технологияға көшуді өзінің стратегиялық жоспарына енгізіп отыр. «Біз құс саңғырақтарын кептіріп, тыңайтқыш ретінде сатпақшымыз. Ал болашақта 2-3 жылдан соң биогаз шығаратын қондырғыны алмақшымыз. Оның арқасында біз ферманы жылытатын өзіміздің жарық пен жылуды шығара аламыз», - деп «Алсад Казахстан»-да сыр қылып айтты.

Міне осылайша тікелей инвестициялар кәсіпорынды банкрот болудан сақтаудан шектелмей, өркендеудің жаңа көкжиектерін ашты. Енді кәсіпорын бірнеше жыдан соң өзінің құнын өсіріп қана қоймай, сонымен қатар тартымды актив болуы әбден мүмкін.  

Пайдаланушылар кіру үшін