EN  RU  KZ
Халықаралық тікелей инвестициялар қоры Қазақстанға қызығушылық танытып отыр

http://kazakh-tv.kz/kz/view/business/page_11369_khalykaralyk-tikelei-investitsiyalar-kory-kazakstanha-k#page

03.05.2013 16:38

 

2013 жылдың басынан бастап, ауылшаруашылығы саласының өнімділік ауқымы 21 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2012 жылғыдан 2,2 пайызға артық болып отыр. Қаржының дені, 19,5 млрд теңгені мал және құс шаруашылығы құрап отыр. Бұдан бөлек, отандық шаруалар тауық жұмыртқасы бойынша өз өндірістерін арттырып жатыр. Аталған салаға шетелдік тікелей инвестициялар қорының өкілдері қызығушылық танытып отыр. Бұл қорлар мемлекеттік «Қазына Кэпитал Менеджмент» қорының үлесінде еңбек етіп келеді. Осылайша, Алматы облысындағы құс фабрикасының жұмысын жетілдіру үшін бірнеше ондаған млн. доллар инвестиция бағытталды.

Дэвид ХЕРБАДА, FALAH GROWTH FUND БАС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
- Тікелей инвестициялар қоры Қазақстан экономикасы дамытуға негізделген. Оның Қазақстан мен Біріккен Араб әмірліктері құрып алды. Бұл жобаны 100 пайыз қор қаржыландырып отыр. Оған шет құрылымдардың қатысы болмайды.

Алтай МАМАНБАЕВ, FALAH GROWTH FUND АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
- Жобадағы басты мақсаты өндірісті қалыпқа келтіріп, оны жаңғырту болып табылады. Кейін алынған өнімді жергілікті нарықта сату. Қазір сала мамандары Алматы қаласы мен облыс аумағында импортталып отырған өнімнің басым екендігін жеткізді. Демек, осы саладағы өсім көрсеткіштері жоғары болып келеді.

Жөндеу жұмыстарының аясында компанияда техникалық мүмкіндіктер жаңартылып, жоғары білімді мамандары тартылды. Кәсіпорын өзінің толық қуаттылығына шыққан кезде, жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығарып отыруға мүмкіндік алады. Бірқатар шетелдік компаниялармен инкубациялық жұмыртқалар мен жас балапандарды алуға келісім бар. Мекеме 100 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкін берді, келесі жылы аталған көрсеткіш 200-ге жетеді. Аудандық шаруа қожалықтарынан құс азығын алу мәселесі де шешілді.

Алтай МАМАНБАЕВ, FALAH GROWTH FUND АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
- Алматы облысының негізгі деген шаруа қожалықтарымен келісім шарттарға қол қойып алдық. Азықтың сапасына қатысты бірқатар біз қойып отырған талаптар бар, осы мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады деп сеніп отырмыз. Демек, азыққа байланысты қосымша күштің қажеті жоқ, жергілікті шаруалар барлық сұранысты қанағаттандырып отырады. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешіп жатырмыз, қалаға мен облыс тұрғындарына сапалы әрі табиғи таза өнімдерді жеткізіп отырамыз.

Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы уақытта тікелей инвестициялық қорларының өнімдері орта және ірі бизнес өкілдерінің тарапынан жақсы сұранысқа ие болып отыр. Дағдарыстан кейін банктерге көп қаржы бережақ болып отырған компаниялардың қосымша қаржыландыруға деген сұранысы артты. Инвестициялық қорларға түскен таңдау жақсы болды. Себебі, бұл қаржының тәуекелдері де төмен.

Дэвид ХЕРБАДА, FALAH GROWTH FUND БАС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
- Қазір Қазақстанда жақсы жағдайды байқап отырмыз, оның сақталатындығына да сенім бар. Қазір Қазақстан біздің басты инвестиция құйып отырған алаңымызға айланды. Алайда, біздің ТМД елдеріндегі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін рұқсатымыз бар. Және Қазақстан Достастық мемлекеттерінің арасында сәтті дамып келе жатқан ел деп толық сеніммен айта аламыз.

Қазіргі таңда жұмыртқа өнімдері ең көп шығарып отырған облыс Қарағанды болып отыр. 2012 жылы аймақтағы өндіріс ауқымы 25 пайызға артып кетті. Өз өнімнің 20 пайызын облыс басшылығы Астана қаласының азық-түлік белбеуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағыттап отыр. Кейін орындарда, жұмыртқа өндірісі жөнінен Шығыс, Оңтүстік және Алматы облыстарын атап өтсек болады.

Пайдаланушылар кіру үшін