EN  RU  KZ
Құпиялылық туралы ереже
Al Falah тобы қолданушылар үшін құпиялылықтың маңыздылығын түсінеді. Al Falah тобы қолданушының құпиялылық құқығын және www.falahpartners.com (бұдан әрі «Сайт») вебсайтында берілген материалдарды оқу және қолдану кезінде қолданушы бере алатын жеке ақпаратты қорғау қағидасын қатаң ұстанады.

Бұл бөлімде Al Falah тобы өзінің құпиялылықты сақтауға қаншалықты бейім екендігін сипаттайды. Ара-тұра Al Falah тобы, өзінің қарауымен, бұл саясатқа өзгерістер енгізе алады. Al Falah тобы мәліметтерді қалай жинап, оларды қалай қолданатындығы туралы қолданушыларды хабардар ету үшін осы саясатқа енгізілген кез келген елеулі өзгерістер осы бетте жарияланады. Осы Сайтта бағдарлау және оны қолдану кезінде, сонымен қатар, Сайт арқылы ақпарат беру кезінде қолданушылар ондай ақпаратты Al Falah тобы осы саясатта көрсетілген шарттарға сай қолданатындығына келіседі. Бұл Сайтта құпиялылық туралы осы саясатпен реттелмейтін сыртқы сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Al Falah тобы біз сілтеме жасайтын кез келген сыртқы сайттардың құпиялылығына қатысты ережелер мен тәжірибе үшін жауап бермейді. Қолданушыларға ондай сайттарға ақпарат бермес бұрын олардың құпиялылық туралы саясаттарымен танысып алуды ұсынамыз.

Al Falah тобы өзінің бақылауындағы ақпараттың жоғалуын, ретсіз қолданылуын және өзгертілуін болдыртпас үшін қауіпсіздік шараларын енгізсе де және өзінің серверлерінде сақталған қолданушылар туралы кез келген ақпаратқа рұқсатсыз кіруді болдыртпас үшін желілік қорғаудың тиісті жүйелерін қолданысқа енгізсе де, Al Falah тобы ондай ақпараттың немесе ондай деректердің жоғалуы, ретсіз қолданылуы, өзгеруі немесе әлдебір тұлғалардың ондай ақпаратқа немесе ондай деректерге рұқсатсыз қол жеткізгені үшін жауапкершілік алмайды.

- Al Falah тобы қолданушылар туралы деректер жинамайды.

- Қолданушылар электронды пошта бойынша мына мекен-жайға ақпарат, сұрау немесе басқа материалдар жібере алады info@falahpartners.com.
Пайдаланушылар кіру үшін