EN  RU  KZ
Команда
Нұрлан Құсайынов
Басқарушы Серіктес

Нұрлан Құсайынов мырзаның қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтерде 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, ҚР Үкіметі жанындағы маркетинг және талдау орталығы, CNRG Capital, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және т.б.

Құсайынов мырза Стэнфорд жоғары бизнес мектебінің MBA дәрежесін алған.
Дияр Медеубеков
Инвестициялар жөніндегі Бас Директор

Медеубеков мырза Қорға қосылғанға дейін Қордың портфельдік компанияларын басқарған. Оның тау-кен, ауыл шаруашылығы және қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар. Қорға келгенге дейін Медеубеков мырза Қазақстанның Даму Банкінде жобалық қаржыландыру жөніндегі директор қызметін атқарды.

Медеубеков мырза Вандербильт университетінің экономика магистрі дәрежесіне ие.

Алтай Маманбаев
Атқарушы Директор

Маманбаев мырза Al Falah компаниялар группасының директоры. Оған дейін, Маманбаев мырза «Eurasia Financial Management Consulting Ltd» инвестициялық компаниясында қаржы кеңесшісі қызметін атқарды. Сонымен бiрге, Қазақстандағы дүниежүзілік көлiк-экспедитор компанияларының бiрi «Panalpina World Transport LLP» компаниясында жетекші қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта, ACCA (the Association of Chartered Certified Accountants) мүшесі.

Ажар Бабаева
Есеп беру және процесс менеджері

Ажар Бабаева командаға 2013 жылдың соңында қосылып, Есеп беру менеджері лауазымын атқарады. Оған дейін, Эрнст энд Янг Қазақстан компаниясында аудитор ретінде 5 жыл жұмыс істеді. 

Бабаева ханым бакалавр мен магистр дәрежелерін Қазақстан Менеджмент, Экономика және Билік Институтынан (ҚМЭБИ) алып, қазіргі уақытта ACCA квалификациялық программасын тапсырып жатыр.

Команда
Нұрлан Құсайынов
Дияр Медеубеков
Алтай Маманбаев
Ажар Бабаева
Пайдаланушылар кіру үшін