EN  RU  KZ
Инвестициялық бизнесті Қазақстанда жүргізу, Ресейге қарағанда оңай

12.09.2013 09:00

Мақаланың мәтіні орыс тілінен аударылған (В Казахстане легче вести инвестиционный бизнес, чем в России)

Сұхбат жүргізген: Ольга Веселова (12.09.2013 жылдан «Капитал» іскерлік апталық басылымы).

Falah Growth Fund Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірлескен тікелей инвестициялар қоры бүгінгі таңда құрамында Қарағанды қаласында жылу мен электр қуатын шығаратын «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС мен Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан жоғарғы сапалы жұмыртқа шығаруды көздеген «Алсад Қазақстан» ЖШС құс фабрикасы  бар 2 қоржындық компанияға  инвестиция құйып, басқарып келеді.  Инвестицияның жалпы сомасы $75 млн. құрайды.

Қор өкілдерінің айтуынша, инвестиция құюға басымдық берілетін қолайлы салалар мұнай мен газ, электр қуаты, азық-түлік өндіру, инфраструктуралық жобалар, табиғи байлықтар мен және жылжымайтын мүлік  болып табылады. Қор Орта Азия елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы компанияларға инвестиция құяды.  Осы орайда, қордың мақсатты капиталдандыру сомасы $500 млн. құрайтының айтып өткен жөн.

Қор тікелей классикалық инвестициялар қорларының санатында, яғни  Бас серіктес инвесторлардан тартылған инвестициялық қаржының пулын меңгерсе,  Бас серіктестіктің директорлар кеңесі барлық инвестициялық шешімдерді қабылдайды.

Қордың күнделікті қызметі мен елдегі инвестициялық жағдай туралы  ақпармен  Falah Growth Fund басқарушы компаниясының бас инвестициялық директоры Дэвид Хербада  өрбіген сұхбат барысында қанық болдық.

Қор қандай жобалармен  жақын болашақта айналыспақшы?

– Қазіргі уақыта біз толық жете бағалау мен талқылау кезеңінде ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және өндіріс секілді экономика секторларында 8-ден аса жобаларды қарастырып жатырмыз.

– Өткен 2012 жылғы және 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қордың қол жеткізген  қаржы саласындағы нәтижелері  туралы айтып өтсеңіз?

– Қор инвестиция құйған екі қоржынды компания өзінің бизнес-жоспарын орындау барысында  бірте-бірте күн ілгері белгіленген өндірістік қуатын асырып келеді. Осыған орай, біз барлығы ойдағы жоспарға сай өрбіп келеді деп ауыз толтырып айта аламыз. Десек те, құйылған инвестицияны нақты бағалауға әлі ерте секілді әсілі бұл алғашқы капитал жұмсаудан 2-3 жыл кейін өткеннен соң бірақ басталады.

– Сіз Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын  қалай бағалар едіңіз?

– Бүгінгі күні Қазақстанның тікелей инвестициялық қорға тартымдылығының бірнеше себебі бар. Елдің жалпы айқын экономикалық өсуі, сонымен қатар, мұнай мен газ және тау-кен өндірісінің дамуы мен кеңейуіне байланысты Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы арартуда. Мұнымен қоса, тұтынушылар мен бизнес қызметі тауашасы әлі де жеткіліксіз дамыған және өзіне көп мүмкіншіліктер жасырып тұрған сынайлы. Көбінесе, бұл енді дамып келе жатқан сатыдағы немесе капиталды ұлғайту сатысында орналасқан компаниялар.

– Біздің елімізде иневсторлар үшін  қандай болашақ мүмкіншіліктерге жол ашылып жатыр?

– Менің ойымша, елдегі жағдай өте қызықты, себебі, Үкіметпен мұнай мен газ және тау-кен салаларында лицензияларды шағарудың екінші толқыны белсеңді түрде жүргізіліп жатыр. Осы әрекеттің салдарынан Қазақстанда экономикалық жағдай жақсарып, нәтижесінде түпкілікті тұтынушы үшін жағдай жақсарады. Микроэкономикалық көзқараспен қорыта айтқанда инвесторлар үшін барлық салаларға инвестициялар құю тартымды көрінеді.

– Шетел инвесторлары жұмыс барысында біздің елде кандай қиындықтармен кездесіп тұрады?

– Мен әлі де болса басқа елдерде бұрыннан бері едәуір тез бизнес рәсімдер болып келетін  Қазақстандағы нормативтік-құқықтық актілер мен бюрократиялық рәсімдердің көлеміне  және өзге де қиыншылықтарға таңғалатынымды жасырмаймын.

Сонымен қатар, көпшілік жетекші әлемдік инвестициялық институттар тіркелген оффшорлық хұкіметте тіркелген инвестициялық қорлардың қызметін шектейтін норативтік актілер бар.

Қазақстандағы кәсіби мамандар санының шектеулі болуы да қиыншылықты туғызады. Менің ойымша, бұл халық санының аздығы мен экономикалық өрлеу қарқынына байланысты. Өкінішке орай, жақын немесе орташа мерзімді келешекте жағдай өзгермеуі мүмкін.   

– Қазақстанда бизнес жүргізудің қандай өзгешеліктері туралы айта аласыз?

– Мен Қазақстанда инвестициялық қызметті 2007 жылы бастадым, жақында Қазақстанның мен үшін тікелей инвестициялар саласында кәсіпқой маманы ретінде басты ел болғанына 4 жыл болады. Жалпы, жергілікті нарық басқа дамып келе жатқан нарықтардан өзгеше, бірақ болашақ мүмкіншіліктер мен тартымдылығымен ұқсас. Кей кезде мен Қазақстанды ресейлік сценарий бойынша қарастыратына таңғаламын. Менің ойымша инвестициялық бизнесті жүргізу сіздердің елде Ресейге қарағанда оңай. 

– Сіздің ойыңызша, Қазақстан Үкіметі инвестициялық және бизнес ортаны жетілдіру үшін қандай шаралар қабылдау керек?

– Қазақстан Республикасының үкіметі елге инвестицияларды белсене тартатынына қарамастан, нормативтік-құқықтық акттердің мөлшерін азайтып, мемлекеттік реттеуді азайту керек. Жаңа реттеуіштердің пайда болуы инвестициялық мүмкіндіктерді қолдануға қиыншылық тудырады.

Пайдаланушылар кіру үшін