Falah Growth Fund «Ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жоба» номинациясында жүлде алды
26.11.2013 21:34
Видео сюжеттің мәтіні орыс тілінен аударылған
Елена Сторчак / KTK (кешкі жаңалықтар)
Ерекше компанияға ерекше сый. «Жыл таңдауы» (Выбор года) ұлттық сыйдың сарапшылары қазақстан-араб тіклей инвестициялар қорына «Ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жоба» атты арнайы номинацияны тағайындады. Жоғарғы сапа белгісін Falah Growth Fund ірі қазақстандық кәсіпорынды күйреуден құтқарып қалғаны үшін алды. Бұл жайлы Елена Сторчак толығырақ айтады.
Басқа адамдарға жүзеге асыруға 10 жыл кететін жұмысты бір жыл ішінде іске асыратын адамдарға қол соғайық.
Өндірісті бір жылда қайта жандандыру! Мұндай нәтижеге әркім жете бермейді. Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры Falah Growth Fund-қа «Жыл таңдауы» ұлттық сидың ұйымдастырушыларынан арнайы сый жаңа жұмыс орындары мен сапалы өнім үшін ерекше «рахмет» болды.
Дэвид Хербада, Falah Growth Fund басқарушы компаниясының бас инвестициялық директоры:
- Бұл сый – көп адамдардың жұмысының нәтижесі. Біз инвестиция құйған кұс фермасында ғана 150 адам жұмыс істейді. Сол жұмысшылардың арқасында біз дағдарысты ахуалдан шыға алдық, енді қазір біз нақты өнімді көріп, дәмін тата аламыз.
Ал бұл болса бұрындары «Алтын Ай» атауымен келген бүгінгі «Алсад Қазақстан» құс фермасы. Шамадан тыс борышқорлық пен тұрақты жеткізушілердің болмау салдарынан үш жыл бұрын өнеркәсіптің қайыршылық күйге түсуіне азғантай қалды. Falah Growth Fund ферманы сатып алып, жаңа компанияны құрды. Қазір ферманың тұрақты жеткізушісі бар, сонымен қатар техника мен қызметкерлер құрамы түгел жаңарды. Қазір құс фермасы жылына 200 миллион жұмыртқадан астам шығармақшы.
Дэвид Хербада, Falah Growth Fund басқарушы компаниясының бас инвестициялық директоры:
- Келешекте біз ферманың штатын 250 адамға дейін кеңейтпекпіз. Біздің мақсатымыз компанияны жаңа деңгейге шығару және оның бағасын көтеру. Алдағы жобаларға келсек, бізді бірінші ретте ауыл шаруашылық секторы мен азық-түлік өндірісі қызықтырады.
Сонымен қатар, компания тау-кен өнеркәсібіне, мұнай мен газ саласына, инфроқұрылымдық жобалар мен жылжымайтын мүлікке инвестиция құюға дайын. Айта кеткенде, бұл қордың екінші сәтті жобасы. Біріншісі «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-на құйылған 50 миллион доллар болды. Елена Сторчак, Болат Даулетбаев, КТК, Алматы