Тікелей инвестициялар қоры - пассивті ақша донорлары емес
26.06.2013 15:36
Мақаланың мәтіні орыс тілінен аударылған («Фонды прямых инвестиций - не пассивные денежные доноры»)
Автор: Ирина Курбанова ("Курсив" апталық газеті №25 (502))
2012 жылы Қазақстанда басталған экономикалық «жылымығы» тікелей инвестициялар қорын белсенді әрекет етуге шақырады. Әлседе, компаниялардың иелері қорлардың шешім қабылдау процессіне белесенді қатысатынына дайын болуы керек. Осы туралы «Къ»-ге Falah Growth Fund-тың басқарушы компаниясының бас инвестициялық директоры Дэвид Хербада эксклюзивті сұхбатта ашып айтты.
- Falah Growth Fund Қазақстанда қай жылдан бері ұсынылған? Сіздің ойыңызша, осы уақытта Қазақстанның бизнес ортасы қаншалықты өзгерді?
- Falah Growth Fund 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті, жоғарғы мәртебелі Шейх Халифа бин Зайед Аль Нахьянның қолдауымен құрылды және сол кезден бастап Қазақстанда ұсынылған. Мен Қазақстанда 2007 жылдан берімін және Қазақстанның сол кездегі жағдайы әлі күнге дейін есімде, сол жылдың қыркүйек айында Қазақстанда соңынан ғаламдық деген атауға ие болатын қаржы дағдарысы басталған елдердің бірі болған. Сонымен қатар, Қазақстанның 2009 жылы теңгені девальвация жасап сол дағдарысты жеңіп шыққан елдердің бірі болғаны да әлі есімде. Содан кейін 2010 жылы елімізде қалыпсыз жағдай туындады. Әлемдегі нарықта шикізаттың бағасы биік болғанына байланысты, шикізаттық емес өнеркәсіп әлі де тартымды болмады, ал тұтынушылық ақырындап 2009 жылы минимумнан бұрынғы қалпына келе бастады. 2011 мен 2012 жылдарды, менің ойымша, экономиканың күшейген «жылымығы» деп мінездеуге болады. Шикізат өнімдеріне ғаламдық сұраныстың азаюына қарамастан, өскелең тұтынуға байланысты ішкі сұраныс өсті, ал ол өнеркәсіп пен тұтынушылар секторында қызмет ету мен өндірістің өсуіне әкеліп соқты. Бұл сценарий жаңа инвестициялық мүмкіншіліктерінің пайда болуымен қуаттанды, ал біз Қордың тарапынан осы сценарийлерді қолданып, келешекте де қолданбақпыз.
- Қордың қоржынында неше жоба бар? Олардың капитализациясы қандай?
- Қазір Қордың қоржынында екі инвестициялық жоба бар, екеуі де 2012 жылы құйылды. Инвестицияның жалпы қосынды сомасы $75 милионнан сәл кемірек соманы құрайды.
- Falah Growth Fund экономиканың қай секторларына инвестициялар құятынын айта аласыз ба?
- Falah Growth Fund секілді тікелей инвестициялар қоры тірі организмдер секілді өзінің өмір барысында дамып, жаңа инвестициялық стратегиялар құрайды, сөйтіп инвестициялық қызмет атқарып, қоржындағы компанияларды басқарады. Қазіргі кезеңде біз жеке секторларға ерекше ықылас бөлмейміз, бірақ біздің инвестициялық тәжірибемізге сүйенсек, біз энергетикалық және азық-түлік секторларын тартымды деп ойлаймыз.
- Неге дәл осы секторларға?
- Ақиқатында, бұл екі сектордың ортақ белгісі мен ерекшелігі бар. Бұл секторлар өздерінің капиталға айналдыруын бірталай көбейтеді, әрине бұл ретте экономика да өседі. Қазақстанның экономикасының өсу болжамы едәуір тұрақты. Былай айтқанда, бұл секторлардың тәуекелдері басқа секторларға қарағанда төмендеу, мысалы, электр қуаты мен азық-түлік адамдарға және мемлекетке әрдайым қажет екенін ескеру керек.
- Сонда, мысалы, құрылыс немесе медициналық жабдықтармен айналысатын компаниялар Falah Growth Fund-ты инвестор ретінде тартуға мүмкіншілігі жоқ па?
- Атап кеткендей, біз қатал мамандандыруды ұстанбаймыз, бізге өсу потенциалы мен бірқалыпты тәуекел деңгейлі секторлар тартымды. Сіздің медициналық жабдықтарды шығару туралы мысалыңыздан, әрине бұл жоба бізге қызықты болады, бірақ құрылыс жобасы циклдігіне және тәуекелдігіне байланысты азырақ тартымды болады. Бірақ, бұндай жоба тартымсыз болады деп аяғына дейін айта алмаймын, себебі бәрі ерекшелігіне байланысты.
- Қор компанияның капиталына неше жылға кіреді? Қордың қандай да бір жобаның акционерлер құрамынан шыққан үлгілері бар ма?
- Әдетте, біз компаняға 3-5 жылға кіруге тырысамыз, бірақ бұл мерзім жобаның өзгешелігіне байланысты қысқыртыла немесе ұзартыла алады. Мысалы, өнеркәсіптік немесе инфрақұрылымдық «гринфилд» жобалары бірнеше жылды қамтитын белгілі құрылыс мерзімі бар, сондықтан, аталмыш уақытта жобадан шығуға мүмкіндік болмайды. Ондай жағдайда, қор жобада көбірек уақыт болуы мүмкін. Қазір біздің қоржынымызда біз кеңейтпекші бір компания бар, сондықтан құйылған инвестициялар ақталу үшін бірнеше жыл керек.
- Жобаға қатысар алдында қор қандай мақсаттар қояды? Компанияның өсуі ғана ма?
- Басты қызмет көрсеткіштері (KPIs) деп аталатын қаржы мен операциялық көрсеткіштер жиынтығын қолданып әрбір инвестицияны бақылаймыз. Бұл көрсеткіштерді белгілі бір компаняға инвестициялар құймастан бұрын орнатамыз. Әрине, бұл көрсеткіштер бизнестің ерекшелігіне байланысты орнатылады.
- Қор жобадан шығу туралы шешімді қай уақытта қабылдайды: келісімшарқа қол қойылған сәттен бастап па әлде бизнестің даму барысында ма? Бұл мәселеде қандай факторлар айқындаушы болып келеді?
- Негізінде, жобадан шықпас алдында бізде жобаға кірмей тұрып белгіленген бірнеше шығу нұсқалары болады. Сондықтан, жобадан шығу алдын ала белгіленген сценарий бойынша жүзеге асырылады. Бұған нарықтың жағдайы мен сатып алушылардың бар болуы секілді сыртқы факторлар әсер ете алады. Жалпы айтқанда, шығу мәміленің құрамы болып келеді, табыстылық бұл жағдайда қордың инвесторлары үшін айқындаушы фактор болып табылады.
- Бизнесті басқаруға ықпал ету мәселесі қаншалықты маңызды? Қор басқарушылық шешім қабылдауға ынталы ма? Бұл басқа акционерлермен/бас акционермен қалай келісіледі?
- Біздің жағдайымызда, біз немесе елеулі ықпал (25% астам) немесе бақылау пакетіне инвестиция құйып, мажоритарлық акционер боламыз. Сондықтан, біз стратегиляық шешім мен басқарушылық шешім қабылдауға қатысамыз. Бірақ, күнделікті шешімдерді компанияның жетекшілері өздері қабылдайды. Жалпы, компанияның стратегиялық басқаруы ойын ережелері секілді инвестиция құюдың ең басында орнатылады. Басқа акционерлермен алдын ала талқыланған шарттар кұрылтай шартында, жарғыда және басқа да құжаттарда көрсетіледі.
- Құйылған инвестициялар дағдарыс немесе басқа да себептен ақталмаған жағдайда қор не істейді? Егер де компания кенеттен бонкроттыққа ұшыраса ше?
- Мұнда ең бастысы, бұл қиыншылықтардың уақытша ма алде тұрақты ма екенін түсіну. Егер де жағдай уақытша болса, біз инвестициялық кезеңді жағдай жақсарғанша соза аламыз. Компаняның нарықтық құнын сақтап қалу үшін қаншалықты керек болса, соншалықты компаниямен ары қарай жұмыс істей береміз. Біз қайта құрылымдау мен керек болған жағдайда қосымша қаржы көмек көрсету мүмкіндігін ексереміз. Тікелей инвестициялар қорының банктан кредит алу немесе басқа қаржыландыру көздерінен артықшылығы - олардың сенімділігі мен мерзімін созу мүмкіндігімен ұзақ инвестициялау мерзімі екенін атап өткен дұрыс. Сондықтан, бұл иілгіштік «дауылды» бастан кешіруге көбірек мүмкіндік береді.
- Теорияда, қор мезгілінен бұрын компанияның капиталынан шыға алады ма? Акционерлер қордың компания капиталынан мезгілінен бұрын шығуды талап ете алады ма?
- Бұл келісімшарттың талаптарына байланысты. Егер де онда сату немесе сатып алу опционының шарттары келісілген болса, екі сценарийдың да болуы мүмкін: қай бір тараптың ынтасымен қордың үлесін мерзімінен бұрын бар акционерлерге сату.
- Қордың акциялар пакетін ешкімге сата алмайтын жағдайы болады ма (мажоритарлық акционер банкротқа ұшырады)? Бұндай жағдайда не болады?
- Иә, болады. Себебі, сату-алу опциондары Қазақстанда әлі де кеңінен қолданылмайды, сондықтан, әдеттегі шығу сценариі нарыққа және басқа жағдайларға байланысты кейінге қалдырылады, сонымен қатар, сыртқы сатып алушылардың шектеулі санына байланысты. Егер де жобаны сату әлі де шешілмесе, бірақ компания жоғары немесе тұрақты ақша ағынын жасаса, акционерлерге капиталды тиімді табыстылықпен қайтарудың басқа да жолдарын қарастыруға болады. Менің айтып тұрғаным, дивиденттерді төлеу, банктық немесе басқа да борышқорлық құралдарды тарту.
- Ал енді ең қызығына көшсек, қор компанияларға инвестор болу үшін қандай талаптар қояды?
- Бәрі жобаның ерекшелігіне байланысты. Негізінде, біз компанияның ағымдағы жай-күйінің айқын болғанын талап етеміз. Бізге компанияның қаржы және операциялық жай-күйін анық түсіну маңызды. Сонымен қатар, компанияның басқа акционерлері мен жетекшілері Falah Growth Fund секілді қордың пассивтік қаражат доноры ғана емес, бизнесті дамытуда толық бағалы серіктес болатынын түсінгендері жөн. Сондықтан, компания және оның жетекшілері қордың шешім қабылдау барысына қатысатынына дайын болуы керек.
- Көп қазақстандық бизнесмендер тікелей инвестициялар қорының компания туралы мағлұматты ұзақ жинап, құжаттарды қарауды созып, қорытындысында жобадан бас тартады деп наразылық білдіреді. Олардың ойынша, қордың талаптары өте көтеріңкі. Сіз осымен келісесіз бе? Бұл бағытта болашақта бірдеңе өзгеруі мүмкін бе?
- Менің ойымша, бұл жерде ең маңызды мәселе, тікелей инвестициялар қоры басқа қаржыландыру көздерінен несімен айрықша екенін түсіну. Атап кеткендей, тікелей инвестициялар қорлары компанияны дамыту барысында бар акционерлер мен компанияның жетекшілерімен серіктесіп, белсене қатысуды жобалайды. Қаржы ұйымдарынан тікелей инвестициялар қорларының айырмашылығы осында. Серіктестік компанияны, оның бизнесін және оның сыртқы ортасын толық түсінуден басталады. Бұның бәрі тек қана бірқатар мағлұматты беріп, оны зерттегеннен соң ғана жүзеге аса алады, ал оның бәріне бірталай уақыт керек. Сонымен қатар, due diligence атты бастапқы нәтижелерді растау фазасы болады, ең алдымен, инвестиция құюдың ниеттері мен негіздері дәлелденеді. Бұл сараптамаларды негізінде сыртқы тәуелсіз кеңесшілер жүргізеді.
- Дүниежүзілік тәжірибеде жобаларды қарау мерзімдері қазақстаннан өзгеше ме?
- Өзімнің тәжірибеммен бөлісейін, мен өткен жұмыс орнымда ұқсас инвестициялық жобалардың басқа елдерде қаншаға созылатындығының куәгері болдым. Менің әлі күнге дейін қарастыру мерзімі 9 айдан асқан жалқы жүйесіне инвестиция құйғанымыз есімде. Бұл уақыттың ішінде берілген мағлұматтарды толықтырсын немесе ұлғайтсын деп 500-ден астам сұрау салынған болатын. Бұған қарама-қарсы тағы бір мысал келтіре аламын, бұл тікелей инвестициялар нарығы өте жақсы дамыған елде технологиялар саласына құйылған инвестиция. Келісімшартқа қол қойылғанша небәрі 2 айдан астам уақыт өтті және де мағлұматтар онша көп керек болмады. Негізінде, менің қазақстанда ақырғы 3 жылда 2 қорда жұмыс істеу барысында, көбінесе кездестірген жобалар жоғары айтылған екі мысалдың ортасында орналасқан. Негізінде, Қазақстанда тікелей инвестициялар қорына жобаны қарау техникалық сараптама барысында бірталай қосымша мағлұматқа сұрау жіберумен 3-тен 5 айға (50-ден 100-ге дейін) дейін созылады.
- Сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!