EN  RU  KZ
Ауыл шаруашылық саласында бизнес үшін индустриялық мүмкіндіктер (Алсад Қазақстан туралы репортаж)

http://kazakh-tv.kz/ru/programms/viewArchive?id=2567

12.12.2013 15:20

Видео сюжеттің мәтіні орыс тілінен аударылған

Kazakh.tv телеарнасы / Regional Focus телебағдарламасы

Алматы облысының Қарасай ауданы. Бұл жерде жоғарғы сапалы тауық жұмыртқасын шығаратын құс өсіретін ірі шаруашылық жұмыс істейді. Осы шаруашылыққа аяғына тұруға мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламасы көмектесті, - дейді компанияның бас директоры Дияр Медеубеков:

- Ауыл шаруашылығы мен индустриализация өзара байланысты құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетте бар құралдар біздің кәсіпорыннның үлгісінде бізге көп көмек көрсетеді. Біріншіден, бұл пайыздық мөлшерлемелерді қаражаттандыру, екіншіден, жаңа технологияларға арналған гранттар, және үшіншіден, шетел мамандарын тарту.

Әлемге белгілі құс өсіруші Хэндрик де Иагер Қазақстанға Голландиядан келген. Ол құстар мен оларды асырау жайлы, азықтандыру тұрапы және вакциналау туралы бәрін біледі. Голландық маман бұл салада 40 жылдан астам істейді.

- Мен Қазақстанға құс шаруашылығына инвестиция құйған қазақстан-араб қорының шақыруымен келдім. Менің келген себебім, Қазақстанда жоғарғы сапалы жұмыртқа шығару үшін құс шаруашылығы мен оның стандарттары туралы өз білгенімді басқаларға үйреткім келеді. Біз құстар дұрыс жұмыртқа тауып, халықты жоғарғы сапалы өніммен қамтамассыз ету үшін құстарға барлық жағдай жасаймыз. Құстар ешқашан қателік жасамайды, қателікті адамдар жасайды.

Құстардың хал-жағдайы мен одан шығатын өнімнің сапасы бірқатар факторларға байланысты. Басты фактор - тұқым, немесе құсшылар айтатындай, кросс. Кәсіпорын әлемдегі ең жақсы кросстардың бірі Hi-Line 36 бір күндік балапандарын сатып алады. Құс қоралары қазіргі заманғы толық автоматтандырылған климат бақылау желісімен жабдықталған. Жемнің сапасы мен оның нәрлілігін мамандар әп сәтте швейцарлық экспресс талдағыш арқылы біле алады.  Вера Бузаева тәжірибелі отындық маман, құс фермасының өндіріс меңгерушісі инвестиция құйылғаннан кейін қандай өзгерістер болғаны туралы айтады:

- Азық цехында электрондық басқару мен микро-мөлшерлеуіші бар жаңа жабдықтар қондырылды. Сонымен қатар, ферманың маңайы мен кірме жолдарына асфальт төселінді, бункер мен өлшейтін цех жөнделді, жаңа техника алынды, мысалы, азық таситын трактор арба, камаз және әрбір құс шаруашылығының арманы болып келетін балапандарды таситын машина алынды.

Ал мынау болса, жұмыртқа сақтайтын қойма. Осы жерге тасымалдайтын лентамен әрбір корпустан жұмыртқалар келеді. Ол соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған.

- Бұл жабдықтың ең маңыздысы, ол жұмыртқаларды өзі калибрлейді және таңба басып шығарады. Ал жұмыртқа сақтайтын қойманың жұмыскерлері тек қана дайын өнімді тиісті ыдысқа категориялары бойыншы салады.

Хэндрик де Иагер жас шаруашылықтың өсіп, өзгергені туралы сүйсіне айтады. Ол Германия, Италия, Венгрия және Ресей секілді көп елдерде жұмыс істеген. Қазақстандық өндіріске кеңес беру ол үшін ерекше ғанибет.   

- Маған Қазақстанда жұмыс істеген өте ұнайды. Қазақстан үлкен ел, экономикасы тез дамып келеді. Сонымен қатар, адамдар көп ақша жұмсайды. Мен экономкалық өсуді байқап отырмын. Голландықтар әрдайым өскелең экономикаға келгенді жақсы көреді. Қазір Қазақстан батыстың ноу-хауын қолданып, шетелдік тәжірибені белсене қабылдап жатыр. Мен ауыл шаруашылықтың зор келешегі бар екенін көріп тұрмын.  

Мемлекеттің индустриализация, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу бағыты бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, - деп ойлайды Дияр Медеубеков.  

- Негізінде, біз нарықты бақылаймыз. Уақыт пен құралдар индустриализация үдерістерін ауыл шаруашылықта қолдануға жағдай туғызады, сонымен қатар, ауыл шаруашылығына ғылыми әзірленімдерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ауыл шаруашылық саласында кәсіпкерлер үшін ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс істейді.

Пайдаланушылар кіру үшін