«Falah Growth Fund» қоры «Қарағанды Энегоцентр» ЖШС үлескерлерінің құрамынан шығуы табысты аяқталды
28.09.2015 09:00
2015 жылдың тамыз айында «Falah Growth Fund» қоры (бұдан әрі «Қор») «Қарағанды Энегоцентр» ЖШС (бұдан әрі «Компания») үлескерлерінің құрамынан табысты түрде шықты. Қордың құйған қаражаты Қарағанды ТЭЦ-3-тің энергетикалық қуатын ұлғайтуға жұмсалды.
Қазіргі таңда, ТЭЦ-3-те жүріп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, электр қуатын шығару мөлшері 120 MВт-қа өсіп, жиынтық орнатылған электр қуатының мөлшері 700 МВт-тан асатын болады. Осы нысанды ұлғайту аймақтың экономикасына жағымды әсерін тигізуімен қоса, жаңа жұмыс орындары пайда болып, электр қуатының жетіспеушілігін азайтады.