EN  RU  KZ
«Falah Growth Fund» қоры Қарағанды облысындағы құс фабрикасын сатып алу мәмілесін аяқтады

18.09.2017 09:00

«Falah Growth Fund» тікелей инвестициялар қоры Қарағанды облысында «Заречное» сауда таңбасымен өнім шығаратын құс фабрикасын сатып алу мәмілесін аяқтады.

«Қарағанды Құс» ЖШС Қарағанды облысы Бухар-Жырау ауданында орналасқан ірі кәсіпорын. Құс фабрикасында 70 адам жұмыс істейді, жақын уақытта жұмыскерлер санын130 адамға дейін көбейту жоспарланып отыр, бұл әрекет өңірдің экономикасына қолайлы әсерін тигізеді. Қордың қаражаты құс фабрикасын сатып алуға және айналым капиталын толтыруға, құстарды және жоғары сапалы үйлестірілген жем сатып алуға жұмсалды. Құс фабрикасында Қор өндірісті жаңғартып және кеңейтіп, ГМОмен антибиотиктерсіз экологиялық таза өнім шығаруды, сонымен қатар, жоғары білікті құс шаруашылығы мамандарын тартуды жоспарлап отыр.

Құс фабрикасының үлкен әлеуеті бар, толық өндірістік қуатына 2018 жылдың наурыз айында шығып, жылына 150 млн. жұмыртқа шығарылады. Өнім картоннан жасалған жоғары сапалы эко-қаптамаларда шығарылатын болады, ол жұмыртқалардың ұзақ сақталуына және пайдалы қасиеттерін жоғалтпауына себептеспеді. 

Жақын болашақта құс фабрикасының өнімдері Қарағанды, Астана, Алматы қалаларының нарығында, одан әрі Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарында сатылатын болады. Ішкі нарықтан бөлек, құс фабрикасының өнімі Қырғызстан, Тәжікістан, Ауғаныстан елдеріне экспортталады, ал жақын келешекте БАӘ елінің нарығына да экспорттала бастайды. 

Даулетхан Килыбаев, «Falah Growth Fund» қорының Бас инвестициялық директоры:«Алдығы бірнеше айда «Қарағанды Құс» құс фабрикасын толық өндірістік қуатқа енгізуді, халықаралық стандарттар мен Халяль сертификаттарына сай жоғарғы сапалы өнім шыгаруды, фабриканың басты кызметкерлерін аймақтың ең жақсы құс фабрикаларында оқытуды, және ең бастысы өнімді таяу және алыс шет елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз».

 

Пайдаланушылар кіру үшін